ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнир өтеді

14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтізіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысады.

Жарыс 8 салмақ дәрежесінде өтеді.

Жарыс соңында «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. Жүлде қоры: 1-орынға — жеңіл автокөлік. 2, 3-орындарға ақшалай сыйақы беріледі.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Елубай Әуезов

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24179

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »