ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Екі мәрте әлем рекордын жаңартқан И.Ильин жеңісін Қазақ елінің Тәуелсіздік күніне арнады

Грозный қаласында өткен Ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Илья алғашқы жұлқа көтеру сайысында 191 келіні бағындырып, бірінші орынға табан тіреген болатын. Ал екінші жаттығуда ол алғашқы мүмкіншілігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 231 келіні бағындырған болатын. Осыдан кейін алтын медаль Ильяның қанжығасын майлаған еді. Бірақ ол тәуекелге барып бірден 246 келіге тапсырыс берді және оны еркін еңсерді.

Есте болса, өткен жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Илья Ильин 242 келіні бағындырып, әлем рекордын орнатқан болатын. Ал араға бір жыл уақыт салып даңқты спортшымыз өз рекордын жаңартып отыр. Қос сайыстың нәтижесінде де Илья 437 келі көтеріп жаңа рекорд орнатты.

«Бұл жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын», — деді даңқты спортшы жарыс аяқталғаннан кейін.

Ал дәл осы салмақ санатында жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз, әлем чемпионы Александр Зайчиков жұлқа көтеруде 190, серпе көтеруде 226 келіні бағындырды. Осылайша ол екі жаттығудың қорытындысында күміс медальді қанжығасына байлады. Үшінші орын екі жаттығуда 411 келі көтерген ресейлік зілтемірші Тимур Наниевке бұйырды.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24218

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »