ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Азия тур» аясында 2016 жылы Қазақстанда бес веложарыс өтеді

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2016 жылға арналған веложарыстар тізімін жариялады.

2016 жылғы велосипед маусымында Қазақстанда «Азия тур» (Asia Tour) жарысының күнтізбесіне енген бес веложарыс өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

Атап айтқанда:
25.08.2016 — «Өскемен туры» (Tour of Oskemen), 1.2;
29.08.2016 — «Бурабай туры» (Tour of Burabay), 1.2;
12.09.2016 — «Байқоңыр туры» (Tour of Baikonyr), 1.2;
01.10.2016 — «Қапшағай туры» (Tour of Kapshagay), 1.1;
02.10.2016 — «Алматы туры» (Tour of Almaty), 1.1.

«Азия турдың» 1.1 санаттағы веложарыстарында — «Қапшағай туры» мен «Алматы туры» жарыстарында Әлемдік тур (WorldTeams) командалары қатыса алады, бірақ олардың саны жалпы қатысушылар, кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар санынан 50%-дан артық аспауы тиіс.

«Азия турдың» 1.2 санаттағы веложарыстарында — «Өскемен туры», «Бурабай туры», «Байқоңыр туры» жарыстарына кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар, аймақтық командалар мен клубтардың велошабандоздары қатыса алады.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24221

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »