ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатында 5 медаль еншіледі

Сыр өңірінің  самбошылары Атырауда өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медаль олжалады,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жасөспірімдер арасында 56 келі салмақ дәрежесінде Гүлбибі Медетбай, 75 келіде Ләйлә Арыстанбек, +75 келіде Нұрғаным Тұршабек, жастар арасында +80 келіде Қымбат Тұршабек Азия чемпионы атанды.

Әйелдер арасында 48 келіде Аида Ермаш күміс жүлдені еншіледі.

1-інші облыстық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Марат Асылов, Жанар Дюсекенова, Мақсат Оспанов дайындады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Елубай Әуезов

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24233

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »