ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан ауыр атлетика бойынша РФ Президенті Кубогында 2-ші орынды еншіледі

Грозныйда 5-ші халықаралық  РФ Президентінің Кубогы бәсекесі аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық құрама қанжығасында 5 медаль және командалық есепте 2-орынға жайғасты.

Бірінші орында турнир иесі — Ресей құрамасы, көшбасшылар үштігін АҚШ командасы түйіндеді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы  205 келіге дейін санатта біздің екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге тең келетін ешкім болмағанын хабарлады. Ол алтын иеленіп, екі әлемдік рекордты  (серпе көтеру және қос сайыс нәтижесінде) жаңартты. 2015 жылғы әлем чемпионы Александр Зайчиков екінші орын алды.

94 келіге дейінгі санатта Қазақстаннан төрт спортшы үздік атағына таласты.

Салмағы  394 (175 +219) келі зілтемірді көтеріп, екі жаттығу жиынтығында күміс медальды Денис Ұланов алды.   397 (178+219)  келі нәтижемен ресейлік Адам Малигов бірінші орын алды.   Екі дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің тәрбиеленушісі — Рустем Сыбай    378 (166+212) келімен төртінші орынды иеленді.  Қазақстаннан екі спортшы  - Ермек Өміртай (350)  мен Семен Линдер (312) 9-шы тиісінше 12-ші орынға жайғасты.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24236

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »