ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Әлемдік зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады

Әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарында қай ел қанша медаль алатынына болжам жасады, деп хабарлайды kazsport.kz.

Оның болжауынша, Қазақстан Рио Олимпиадасында 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-шы орын алуы мүмкін.

«Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасынан боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады», деп жазады зерттеу орталығы.

Ал, боксшы Данияр Елеусінов, палуан Алмат Кебіспаев, дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев пен Нижат Рахимов Олимпиаданың күміс медалін алады, деп болжам жасаған.

«Infostrada» зерттеу орталығы жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшыларға «берген».

Еске сала кетейік, алтын медаль алатын спортшылардың қатарына Илья Ильин енгізілмеген.

Қазақстан 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстан Ұлттық құрамасы жеті алтынмен жалпы есепте 12-ші орынды иеленген еді.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24289

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »