ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Илья Ильин докторлық диссертация қорғады

Қазақ спорт және туризм академиясында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алып жүрген Илья Ильин «Жоғары кәсіби ауыр атлеттерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі» тақырыбындағы жұмысын ұсынды.

Білім алу жылдарында Ильин 13 ғылыми еңбегін жариялаған, соның бірі Scopus мәліметтер базасына, төрт мақала Бақылау комитетінің журналына, бір жұмысы — ауыр атлетикадан оқулыққа енгізілді.

Илья Ильиннің ғылыми кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы, ҚазСТА-ның профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Станислав Хаустов Ильинді талапты, мақсатына ұмтылған студент ретінде сипаттады.

Ғылыми атақты алушының шетелдік кеңесшісі, «Васил Левски» (Болгария) Ұлттық спорт академиясының профессоры Колев Николай Недков диссертациялық жұмыстың маңыздылығын, жаңашылдығын жоғары бағалай келе, оның жоғары практикалық өзектілігін де атап өтті.

Кеңестің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Илья Ильинге философия PhD докторы ғылыми атағы берілді.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24345

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »