ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Петропавлда мүгедектер арасында ҚР шаңғы жарыстары бойынша Кубогы басталды

22 желтоқсанда Петропавлда тірек-қозғалыс аппараты мен көру органдарының проблемалары бар мүгедек спортшылардың арасында шаңғы жарыстары бойынша ҚР Кубогы басталды.

Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Жарыстарға Қазақстанның жеті аймағы: Алматы және Алматы облысы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысынан мүмкіндігі шектеулі үздік спортшылар қатысты», — делінген хабарламада.

«Ең басты ғажап бүгін болды. Көбін еңсердіңіздер, араларыңыздағы біраз адамдар Олимпиадалық Сочиде болды, 2018 жылы Пхёнчханда да көбіңіз болатынына сенімдімін. Бүгінде қазақстандық спортшылар Риоға жолды белсенді салып жатыр. Бүгін Пхёнчхандағы (Корея Республикасы) 2018 жылғы Олимпиадаға жолды бірге сала бастайық. Уақыт жетерлік, бірақ қазірден бастап жұмыс істеу керек. Мен сіздердің мейлінше ерлікпен жұмсаған күштеріңіздің алдында басымды иемін.  Бүгін араларыңыздағы үздіктерді анықтаймыз. Бірақ әрқайсыларыңыз өз-өзіне және басқаларға күшін дәлелдеп бұл жеңіске жетіп алды», — деп атап өтті өз сөзінде ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеттің директоры Ерлан Сүлейменов.

Жарыстың алғашқы күнінде спринт болады.

Ертең Бөркі кентіндегі шаңғы жолында еркін жүріспен 7 шақырымдық жарысқа қатысу үшін үздік қазақстандық паралимпиадалық шаңғышылар шығады.

 

 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24348

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »