ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерін таңдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстан футбол Федерациясы өзінің ресми сайтында Қазақстан құрамасының бас бапкерін таңдауға мүмкіндік беретін дауыс беруді бастайды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

15 қаңтарға дейін созылатын алғашқы кезеңде Сіздер Қазақстан құрамасын кім жаттықтыру керек деген сұраққа жауап беріп,  жергілікті маман, болмаса шет елдік маман пайдасына таңдау жасайсыз. Дауыс беруге тек ҚФФ сайтында тіркеуден өткендер ғана қатыса алады.

Сайтқа тіркелу оңай әрі ыңғайлы, бірнеше минут уақытыңызды алады.

Дауыс беру нәтижесі Федерация тарапынан шешім қабылдауға негіз болу үшін, дауыс беруге 50 мыңнан кем болмайтын адам қатысуы керек.

Егер дауыс берушілер саны 50 мыңнан кем болатын болса, Федерация дауыс беру нәтижелерін  Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерін  өзі таңдауға берілген келісім деп есептейді.

Ал дауыс берушілер саны 50 мыңнан асатын болса, ҚФФ дауыс берудің екінші кезеңін бастайды. Екінші кезеңде жанкүйерлерге  бірініші кезеңде көп дауыс жинаған санат бойынша бапкерлер тізімі ұсынылады (қазақстандық болмаса шет елдік маман).  ҚФФ ұсынатын бапкерлердің барлығы да Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтыруға білімі жететін, тәжірибесі мол білікті мамандар.

Біз ұсынған мамандардың барлығы дерлік алдын ала, біліктілік тексеруден өтеді (бұл жұмыс басталып кетті) және ҚФФ жанкүйерлері кімді таңдағанына қарамастан Ұлттық құраманың болашақ бапкерінің қызметі үшін жауапкершіліктен бас тартпайды.

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24437

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »