ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Су добынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары Азия Чемпионатынан жүлделі орындармен оралды

Жапония астанасы Токио қаласында 14-20 қараша аралығында су спортынан 10-шы Азия Чемпионаты су добынан ұлттық құрамалары үшін сәтті аяқталды. Ерлер командалары арасында чемпиондық атақ үшін Қазақстан, Қытай, Гонконг, Сингапур, Филиппин, Сауд Арабия, Иран мен алаң иелері Жапония құрамалары күресті. Командалар 2017 жылдың жазында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін су спортынан Әлем Чемпионатына жолдама алу үшін барлық күштерін салып, сыңға түседі. Қазақстан құрамасы топтық кезең мен плейофта қарсыластың бәрін жеңіп, финалда жапондықтардан 6-7 есебімен ұтылып қалды. Осылай, су добынан ұлттық ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орын Жапония құрамасы еңшілесе, қола Қытай құрамасына бұйырады.

Қазақстан Республикасының ұлттық әйелдер құрамасы болса, су спортынан Азия Чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алады. Әйелдер командалары арасында Қазақстан, Қытай, Тайланд, Сингапур, Гонконг, Өзбекстан және Жапония елдерінің құрамалары сыңға түседі. Бірінші орынды қытай қыздары жеңсе, екінші орынды Жапония құрамасы иеленеді. Қорыта келсек, ұлттық ерлер мен әйелдер командалары 2017 жылдың жазында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін су спортынан Әлем Чемпионатына жолдама алады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=24976

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »