ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына жекпе-жек сайысынан II-ші республикалық ашық турнир

7 желтоқсан күні сағат 14.00 де «Дəулет» спорт кешенінде турнирдің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтеді. Турнирдің салтанатты ашылу рəсімі сағ. 15.00

7 мен 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті күніне орай және ел Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында «Дәулет» спорт кешенінде осы жылдың ең дүбірлі додасы — ерлер арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогына II-ші республикалық ашық турнирі өтеді.

Екі күнгі тартымды жарысқа республиканың әр өңірінен жасақталған құрама командалардың білікті спортшылары мен қуатты құрылымдардың 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 кг дейін және 90 кг жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде 29 команда сынға түсіп, мықтыларды анықтайтын болады.

Үздіктерді жинаған бұл турнир ортақ спорттық квалификацияға енген рейтингтік болып саналады, әрі екі турнир бойынша 150 бал жинап, жеңіпмаз атанған спортшыларға Спорт шебері деген атағы берілумен ерекшеленеді. 

Аталған дүбірлі доданы ұйымдастыруға ұйытқы болғандар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті мен «Жекпе-жек сайыстан бүкілқазақстандық қауымдастық», турнирдің Бас демеушісі «Самұрық Қазына» әлауқаттық қоры мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Ардагерлер одағы. Әлеуметтік серікстестік — «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры.

Жылдан жылға өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түріне жататын жекпе-жек сайысқа деген қызығушылық артып келеді. Осы игі үрдісті ескере отырып, әрі салауатты өмір салтын насихаттау мен жастар арасында патриоттық тәрбиені тереңдету мақсатында турнир ұйымдастырушылары «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып, Астана қаласының тұрмысы нашар отбасыларының балалары мен «Замандас» аула клубының тәрбиеленушілерін аталған дүбірлі доданың, тартымды сайыстатырдың куәгері болуға арнайы шақырып, кәсіби спортшылармен дидарласып, сұхбаттасуға мүмкіндік туғызып отыр.

Спорттық мазмұндылығымен қатар ұйымдастырушылар кез-келген көрерменнің көңілінен шығып, оны бей-жай қалдырмайтын шоу-бағдарлама әзірледі. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарының жекпе-жектен үздік көріністері де бар.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 7желтоқсан күні сағат 15:00-де астаналық «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Доданың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкімет өкілдері, қуатты органдарының бірінші басшылары мен Парламент депутаттары, спорт федерацияларының жетекшілері, сондай-ақ жекпе-жек түрлерінен республикалық спорт ұйымдарының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

8 желтоқсан күні сағат 17:00-де әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша, командалық және жеке көрсеткіштер бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Турнир бағдарламасы:

7 желтоқсан сағ. 09.00 –  сайыстардың басталуы;

7 желтоқсан сағ. 15.00 – Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі;

7 желтоқсан сағ. 09.00 мен 13.00 аралығы – Сайыстың бірінші туры (жекпе-жек сайысының қолданбалы әдістерінің көрсетілімі);

7 желтоқсан сағ.– 15.30 бен 19.00 аралығы салмақ дәрежелері бойынша алдын-ала жекпе-жектер;

8 желтоқсансағ. 09.00 мен 13.00 аралығы – 1/4 сайыстар және жартыфиналдық жекпе-жектер;

8 желтоқсан сағ. 16.00 мен 18.00 аралығы –3 орын үшін жекпе-жек және финалдық жекпе-жектер;

8 желтоқсансағ. 18.00-19.00  – турнирдің салтанатты марапаттау рәсімі.

 

Аккредитация үшін байланыс тел

ұ.т.: 8 701 962 81 66

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=25115

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »