ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Алмат – екі дүркін Азия чемпионы

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Екі күннің қорытындысы бойынша грек-рим күресінің балуандары 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.  Нұрым Дүйсенов баптайтын Қазақстан құрамасы бұл сында 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға ие болды.

Еліміздегі ең тәжірибелі балуандардың бірі, Алмат Кебісбаев 67 келі салмақта күресіп өзіне тең  келер қарсылас таппады. Осыдан 7 жыл бұрын ересектер арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет топ жарған Алмат осылайша, Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Финалда отандасымыз жапон балуаны Сухика Шимоямаданы жеңді.

82 келі салмақта ел намысын қорғаған Асқат Ділмұхамедов те Бішкекте бас жүлдеге ие болды. Бұған дейін Азия чемпионатында екі рет қола жүлдегер (2011, 2016) атанған Асқат финалда кілем қожайыны Атабек Азизбековтен айласын асырды.

Сонымен екі күнге созылған грек-рим күресінің балуандары арасында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен 156 ұпай жинап, командалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орында 157 ұпайы бар Қырғызстан құрамасы. Үздік үштікті 148 ұпаймен Өзбекстан балуандары қорытындылады.

 Грек-рим күресінен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Алтын медаль: Алмат Кебісбаев (67 келі), Асқат Ділмұхамедов (82 келі);

Күміс медаль: Демеу Жадыраев (72 келі);

Қола медаль: Қорлан Жаханша (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов (77 келі), Ерұлан Ысқақов (97 келі).

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=26921

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »