ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

16-21 сәуір аралығы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасында І Азия чемпионатын өткізеді. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан Азияның 10 елі жастар құрама командалары тұңғыш рет өтетін байрақты бәсекенің жүлделерін сарапқа салады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін Жастар арасындағы І Азия чемпионатында Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің ең үздік спортшы жастар командалары бақ сынайды.
Чемпионаттың бас төрешісі – ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев. Сондай-ақ, көкпар спортына – Нұрдәулет Момынов, аударыспақ спортына – Жанысбек Саев, теңге ілу спортына – Рамазан Махатов, жамбы ату спортына – Елдос Бадашев бас төреші ретінде бекітілді.

Алдын ала бекітілген бағдарламаға сәйкес жылдың атаулы шарасы 6 күнге созылады. Ал, чемпионаттың жалпы жүлде қоры 16 000 000 теңгеге жуық қаржыны құрайды.

Айта кетейік, Жастар жылы қарсаңында өтетін бәсекеге
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) де қолдау білдіріп отыр. Чнмпионаттың Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

БАҚ өкілдері үшін аккредитация міндетті!

Азамат, PR маман +7 747 871 25 67 (whatsapp)

Э-пошта: bitanazamat@mail.com

Бағдарлама

БАҚ АТАУЫ Журналист, оператор аты-жөні Құрал-жабдықтар тізімі (камера)

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=28642

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »