ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Нұр-Сұлтанда күрестен әлем чемпионаты медальдарының көрсетілімі өтті.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне берілетін медальдың дизайнын көпшілікке жария етті.

Ұйымдастырушылар дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдың үш бұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығы іспеттес.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың айтуынша, медальдің бетінде біріншіліктің логотипі мен астанамыздың символы — «Бәйтерек» салынған. Ал логотипті толықтырып тұрған доғал сызықтар күрес әдісін сипаттайды.

Ал медальдың екінші бетінде күрестен әлем чемпионатының символы — қар барысы бейнеленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дүбірлі додада Токио Олимпиадасына іріктеу басталады. «Барыс Аренада» өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі. Билеттер Kassir.kz, Ticketon.kz и Zakazbiletov.kz сайттарынан алуға болады. Құны 1000 тг айналасы.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=28987

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »