ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Спорттық «Qazaqstan Jastar Fest» жастар фестивалі

Нұр-Сұлтан4 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі алаңында  cпорттық «Qazaqstan Jastar Fest — 2019» жастар фестивалі ашылды. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.  Фестивальдің ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сапиев және елімізге белгілі спортшылар қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі аталған фестивальдің маңыздылығын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтына тарту, еліміздің бұқаралық спортын дамыту мақсатында осындай шараны қолға алған болатынбыз. Қала әкімдігі біздің идеяны қолдап әкетті. Сол үшін де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов мырзаға зор алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, біз бұқаралық спортты қарқынды дамыту жолында біраз жобаларды қолға алып жатырмыз. Бүгінгі шара соның бастамасы»,-деді министр Ақтоты Рахметоллақызы.

Сөз соңында министр фестивальді өткізу кезегін Алматы қаласына берді.

Айта кетейік, фестиваль аясында жас каратэшілер, грэпплинг шеберлері, стритболшылар, футболшылар өз өнерлерін жиналған жұртшылыққа паш етті. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері бойынша бес асық, асық ату, арқан тарту, гір көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Естеріңізге салайық, спорттық фестиваль еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=28998

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »