ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония астанасында өтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болатындығымен ерекшеленеді.

Әлем чемпионатында Олимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін елордалық «Барыс Арена» мұз сарайында 100 елдің 1002 мықты палуаны күш сынасады.

Мұндай ауқымды спорттық іс-шара спорт қауымдастығында үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, чемпионатқа 350-ге жуық БАҚ өкілдері тіркеліп, жанкүйерлер 12000-нан астам билеттерді сатып алды.

Чемпионатқа қатысушылар арасында да көптеген жұлдызды спортшылар бар. Еркін күрес өкілдері арасында 97 келі салмақтағы ресейлік «Танк» Абдулрашид Садулаев пен америкалық Кайл Снайдер арасындағы ымырасыз белдесуі ең көп күткен тартыс деп санауға болады. Сондай-ақ, италиялық Франк Чамизо мен американдық палуан Джордан Барроуздың арасындағы айқын қақтығыс болатыны күтілуде. Үш дүркін Олимпиада чемпионы, грек-рим күресі бойынша кубалық Михайн Лопез Нұр-Сұлтанға Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін және төрт олимпиадалық алтынды жеңіп алған ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы және жалғыз палуан жапондық Каори Ичоға теңестіру үшін келеді.

Айта кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Билеттерді Kassir.kz, Ticketon.kz және Zakazbiletov.kz сайттарынан сатып алуға болады. Әлем чемпионатының билеттерінің құны 1000 теңгеден басталады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29013

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »