ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Серік Сапиев «QAZAQSTAN QYZMET CUP» жеңімпазын марапаттады

Нұр-Сұлтан – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сапиев шағын-футбол бойынша өткен жарыс жеңімпазы — Елорда полиция департаментінің құрамын құттықтады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан осы қызметтің басшысы Ержан Саденовке Кубок пен арнайы алғыс хатты табыстады.

Үстіміздегі жылдың тамызында Ақмола облысының Щучинск қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан «QAZAQSTAN QYZMET CUP: TUNGI FUTBOL LIGASY» финалы өткен болатын.

Іріктеу сатысына 40 команда қатысқан болатын. Қорытындысында, ақтық сынға 8 команда өтті. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті де бар.

Бірінші орыннан бөлек, Полиция Департаментінің аға лейтенанты Жұмажан Мұсабеков турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылды. Полиция Департаментінің ұжымын құттықтаған Серік Жұманғалиұлы қызметкерлердің турнирге дайындықтарын жоғары бағалап, жеңіске деген құлшыныстарын ерекше атап өтті.

Елордалық полиция Департаментінің басшысы өз кезегінде, спорттың қызметкерлердің өміріндегі маңыздылығын айта келе, келесі жылы да өздерінің аталған Кубокқа ерекше дайындалатындарын жеткізді.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29015

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »