ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан киокусинкай каратэ түрі бойынша ерлер мен әйелдер арасында KWU IV әлем чемпионатын қабылдайды

7-8 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында толық контактілі каратэ бойынша ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Бүкіләлемдік каратэ Одағының 4-ші  Әлем Чемпионаты өтеді.

Киокусиннің негізін салған белгілі шебер — Масутацу Ояма. Ол каратэ Отаны саналатын Жапонияда ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінде де танымал саналады. Киокусин негізіне тек спорттық қана емес, сондай ақ, жекпе-жектің қолданбалы аспектілері де жатады.

Киокусин жауынгерлерінің мықты рухы мен ұтымды техникасы аралас жекпе-жектерде, К-1 сериялы жарыстар мен әлемнің арнайы жасақ қызметтерін даярлау кезінде бірнеше рет дәлелденді. Әлем Чемпионаты Халықаралық

«Kyokushin World Union» қауымдастығы аясында өткізіледі. Бұл ұйым 2011 жылы құрылып, Швейцарияның Лозанна қаласында тіркелген. KWU ұйымының басты міндеті – барлық киокусин федерацияларын бір тудың астына біріктіру.

KWU Әлем Чемпионаты Ояма принциптерін түсінетін, кез-келген халықаралық ұйымның жауынгерін қабылдауға дайын.

2019 жыл барысында әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтті, қорытындысында аталған Әлем Чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар құралады. Аталған Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты деген каратэшілер қатыса алады. Олар өз мемлекеттерін – Жапония, Испания, Польша, Болгария, Бразилия, ОАР, Австралия, Ресей және т.б таныстырады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29046

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »