ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Байқау жарияланады!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқау жариялайды.

Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде жарияланған материалға белгіленген.

Үміткерлер Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубоктарына, мәртебелі халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.),

Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау сынды тақырыптарды қамтуы тиіс.

Сондай-ақ, елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету, лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.

Байқауға 2019 жылы шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады.

Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне («2019 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады. Қабылдау мерзімі — 2019 жылдын 13 желтоқсанына дейін. Өтінімдерді rauhan_13@bk.ru мекен-жайына да жібере аласыздар.

Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады. Аталған мәліметті  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (www.sport.gov.kz)  мен Ұлттық штаттық командалар дирекциясының ресми сайттарынан таба аласыз. Лауреаттардың аты-жөні БАҚ мен жоғарыда аталған сайттарда жарияланады.

Қосымша мәлімет алу үшін: 87711838853.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29071

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »