ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Әлем Чемпионатына қатысатын қазақстандық каратэшілердің есімдері белгілі болды

Нұр-Сұлтан – Киокушинкай каратэден өтетін Әлем Чемпионатында Қазақстан намысын 30 спортшы қорғайтын болады. Әлем Чемпионатын қабылдайтын мемлекет ретінде Қазақстан екі құраммен өнер көрсетеді – 30 спортшы.  Жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді (9-ер, 6 әйел).

Айта кетейік, іріктеу каратэ киокушиннің барлық бағыты бойынша Біріккен Қазақстан Республикасының чемпионаты қорытындысы негізінде өткізілді. Чемпионат нәтижесінде құрама командалардың бірінші және екінші нөмірлері іріктелінді. Чемпионаттан соң, спортшылар допинг бақылаудан өтіп, бекітілген жоспар бойынша дайындықтарын бастап кетті.

Естеріңізге салайық, Нұр-Сұлтан қаласы 7-8 желтоқсан күндері әйелдер мен ерлер арасында салмақ дәрежесі бойынша киокушинкай каратэден IV Әлем Чемпионатын қабылдайды. Чемпионатты Ұйымдастырушылар – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы,   «Kyokushin World Union» Халықаралық Ассоциациясы. 2019 жыл барысында әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтті, қорытындысында аталған Әлем Чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар құралады. Аталған Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты деген каратэшілер қатыса алады. Олар өз мемлекеттерін – Жапония, Испания, Польша, Болгария, Бразилия, ОАР, Австралия, Ресей және т.б таныстырады. Барлығы Әлем Чемпионатына әлемнің 50 елінен 300-ден астам спортшы қатысады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29088

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »