ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 134 медаль жеңіп алды

Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, сондай-ақ есту қабілеті зақымданған спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.
Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Жалпы командалық есепте Ресей мен Грузияны артқа тастап бірінінші орынға шықты.
Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы бәсекеде де қазақстандық қол күрес шеберлері қарсыластарына дес бермеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еліміз 8 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды. Ал, ардагерлер арасында отандастарымыз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың шешуші кезеңі ересектер арасында өтті. Спортшыларымыз ел қоржынына 8 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль салып, ерлер құрамасы бірінші орыннан көрінді.
54 мемлекеттен 1400 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде ел намысын 146 спортшы қорғады.
41-ші Әлем чемпионатының жалпы қорытындысы бойынша ел құрамасы 51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен дүбірлі додада екінші орынға табан тіреді. Бірніші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, үздік үштікті Грузия спортшылары қорытындылады.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі
+7 771 830 73 49 Айнагул

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29094

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »