ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Еліміздегі спорт нысандарының құрылысы мен қайта жөнделуі және спортшылардың әлемдік додаларға дайындығы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Спорт Комитеті төрағасы Серік Сәпиев еліміз бойынша спорт нысандарының құрылысы мен спортшылардың әлемдік додадаларға дайындығы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша елімізде  елімізде  38 699 спорттық нысан бар, олардың 27 546-сы  білім мекемелеріне тиесілі, оның ішінде спорттық мектептер де бар және 11 153 нысан дене-шынықтыру объектісіне жатады. Сонымен қатар, Серік Жұманғалиұлы 100 дене-шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы туралы айтып өтті.

«Ағымдағы жылдың 25 қазанында ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 100 дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің тізімі бекітілді. Оған сәйкес, осы жылы 13 нысан, келесі жылы 32, 2021 жылы-55 дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған.  

7 қарашадаға жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті мен демеушілердің қаражатынан 7 дене-шынықтыру сауықтыру орталығының құрылысы аяқталды (Жамбыл- 1., Атырау – 2., Маңғыстау – 1., Павлодар – 1, Туүркістан – 2 ) және 6 нысанның (Атырау -1, ШҚО-1, Маңғыстау-3, Павлодар-1) құрылысы әлі де жүріп жатыр.»,-деді Серік Жұманғалиұлы.

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаев қала бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Елорда спорттық іс-шаралар орталығына айналды. Спорт бұқараға қолжетімді болды. Соңғы 5 жылда спорт ғимараттарының саны 119 нысанға өсті. Барлығы 719 спорт нысаны  (оның ішінде спорт сарайлары — 4, жазықтық құрылғылары — 324, бассейндер – 23, спорт залдары — 215 және т. б.). Айта кетер болсақ, жастар арасында жүгіру және велоспорт трендке айналған. Олардың арасында «Astana Bike» танымал. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қалада 1200-ден астам велосипеді бар 186 велостанция орнатылды. Жыл сайын веложолдардың ұзындығы артып келеді, тек осы жылы 34 км құрады. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш»,-деді Берік Борамбайұлы.

Бұдан басқа, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің» құрылысы аясында «Ильинка», «Көктал 2″, «Өндіріс», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланғанын айтып, олардың құрылысы 2021 жылы аяқталатынын жеткізді.

«Сондай-ақ «Пригородный» тұрғын алабында жаңа заманауи «Aspan» спорт орталығы салынды.  Оған қоса, «Жерұйық 2″ саябағында 8 жабық корты және 8 ашық корты бар бірегей Теннис орталығы салынды. Бұдан басқа, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында «Қазақстан» спорт сарайы мен Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионын қайта құру жоспарлануда»,-деді Берік Маржықпаев. Сонымен қатар, баспасөз-конференциясы аясында Серік Сәпиев спортшылардың әлемдік додаларға, оның ішінде 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға дайындығы туралы ақпарат берді.

«Бүгінде Ұлттық құраманы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындау бойынша кешенді жоспар құрылды. Басты мақсат – төртжылдықтың басты додасына олимпиада жолдамаларына қол жеткізу. 2019 жылдың соңына дейін, Ұлттық құрама 28 лицензиялық Әлем Чемпионаты, 19 Азия біріншілігі мен 12 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысады. 2020 жылы 3 Әлем Чемпионаты, 19 Азия және 18 Әлемдік турнирлерінде өнер көрсетеді»,-деді Серік Жұманғалиұлы.

Жоспарланған жарыстардың қорытындысы бойынша 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кем емес лицензия алу жоспарда (32 спорт түрінен 105 лицензия).  Бүгінде Ұлттық құрама еншісінде 14 спорт түрінен 25 лицензия бар.

ҚР МСМ

Баспасөз қызметі 8 (7172) 74-09-24

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29132

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »