ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстан мен Жапонияның «Токио-2020» Олимпиада ойындары аясындағы ынтымақтастығы

Нұр-Сұлтан – Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Нара префектурасы Касихара қаласын дамыту департаменті басшысы Такахиро Ямазаки бастаған 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ілгері жылжыту бойынша қызмет атқаратын штаб-пәтердің секретариат мүшелері келді. Мәртебелі қонақтарды спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қабылдады. Тараптар алдағы Олимпиада ойындарына дайындық барысы мен төртжылдықтың басты додасы аясында өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселесі төңірегінде диалог құрды. Жапондық тарап Қазақстанға Олимпиада ойындарына дайындалу барысында қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде, Серік Сәпиев отандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын Жапонияда өткізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

«Қазақстан мен Жапонияның іскерлік қарым-қатынасы қашанда жақсы болған. Біз барлық салада тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз. Отандық спортшылар, оның ішінде жеңіл атлетика, волейбол, дзюдо, үстел теннисі спортшылары Жапонияда жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрады. Басқа да спорт түрлерінен дайындық барысын сіздің елде өткізу мүмкіндігін қарастыру маңызды»,-деді Серік Сәпиев.

Өз кезегінде Такахиро Ямазаки олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша қандай да бір көмек қажет болған жағдайда, Касихара қаласы әкімшілігінің қашанда ынтымақтастыққа ашық екендігін жеткізді.

Касихара қаласы 2020 жылғы Токиода өтетін Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындары кезінде Қазақстанды қабылдаушы қала «Host Town» ретінде Қазақстанмен байланыс орнатып жатыр.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29163

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »