ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

ҚР Мәдениет және спорт министрі Жеңіл Атлетика Халықаралық Федерацияларының Қауымдастығы (IAAF) Президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан – Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Жеңіл Атлетика Халықаралық Федерацияларының Қауымдастығы (IAAF) Президенті — Лорд Себастьян Коэмен кездесті. Шараға ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының Президенті Ахметов Даниал Кенжетайұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Рамазанов Елдос және олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Ольга Рыпакова, сонымен қатар, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов қатысты. Тараптар еліміздің жеңіл атлетика спортының даму қарқыны туралы сөз қозғады. Министр өз сөзінде, аталған спорт түрінің елімізде қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті.

« Қазақстандық жеңіл атлетика мектебінің спорттық жетістіктері мол. Халықаралық деңгейдегі, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, түрлі турнирлердің жеңімпаздарымен мақтана аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам адам тұрақты түрде аталған спорт түрімен айналысады. Спорттық мектептер мен дене шынықтыру ұжымдарында 2500 жуық жаттықтырушылар, 4 жеңілатлетикалық манеж бен 1 стадион бар»,-деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Өз кезегінде, Себастьян Коэ спортшылардың  жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігін айтты.

«Бүгінгі таңда біз халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін ескі жүйеден арылуымыз керек. Осы орайда, біз ең алдымен «таза» спорт пен жаттықрушылардың жаңа бағытта ойлау қабілетін дамытуға назар аударуымыз қажет. Мен Қазақстанда жеңіл атлетиканың дамуын жоғары бағалай отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне аталған спортқа көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауларыңыз үшін алғыс білдіргім келеді».

Бүгінгі таңда елімізде 7 жабық жеңілатлетикалық манеждің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, кездесуде Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіл Атлетика Халықаралық Федерацияларының аймақтық орталығын  ашу мәселелері талқыланды.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29173

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »