ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңі өтеді

Нұр-Сұлтан – 6 желтоқсан сағ 12.00-де «Алау» Мұз сарайында конькимен жүгіруден Әлем Кубогі кезеңіне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Шараға Қазақстанның конкьимен жүгіру Ұлттық Федерациясының Президенті Болат Жәмішев, Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы  Дмитрий Бабенко қатысады.

6 желтоқсанда Елордада конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогі кезеңі басталады. Нұр-Сұлтанға әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді. Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және жүлдегері Йоррит Бергсма (Голландия) және басқа да жұлдыздар келеді деп күтілуде.

Қазақстанды аталған жарыста жаңа жаттықтырушы – Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған құрам таныстырады. Олардың қатарында 2013 жылғы Әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасында жеңімпаздар Екатерина Айдова және Роман Креч, сонымен қатар, болашағынан үлкен үміт күттіретін – Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикуновтар бар. Ұлттық құрама аталған кезеңге әрбір қашықтық бойынша бес спортшы қоя алады. Бұл жаттықтырушы құрамына ұлттық құрамадағы спортшыларды процесске қосуға мүмкіндік береді.

Жарыс 6-8 желтоқсан аралығында «Алау» мұз сарайында өтеді.

Жанкүйерлерге кіру тегін.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29180

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »