ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Спорт журналистері арасында үздіктер анықталды!

Астана -Бүгін 25 желтоқсан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 27 үміткер қатысып, олардан газет және сайт, телевидение беттерінде жарық көрген 118 жұмыс келіп түсті, қазақ тілінде жұмыс ұсынған журналистер саны — 15, орыс тілінде жұмыс ұсынған журналистер саны – 12-ні құрады.  Қазылар алқасының шешімімен жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылатын сыйлыққа «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Оңдасын Елубай «Үздік баспа жарияланымы» номинациясында үздік шықса, «Костанайский спорт» газетінің журналисті Сергей Биркле орыс тілінде жарияланған «Үздік баспа жарияланымы» номинациясында үздік атанды, «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында  «Qazsport» арнасының тілшісі Тимур Сүлейменовтің жұмысы лайықты деп танылды. Спорт журналистерінің үздігін анықтау Қыдырбек РысбекДүрәлі Дүйсебай, Бекен Қайратұлы, Қанат Базылхан,  Нұрғазы Сасаев секілді журналистика саласының майталмандарына тапсырылды.

Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Үздіктер келесі жылы С.Бердіқұлов атындағы журналистер арасында өтетін футбол турнирінде арнайы марапатталатын болады.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29225

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »