ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

«Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар Одағы» ЗТБ Президенті тағайындалды

Нұр-Сұлтан – Бүгін 26 желтоқсан, сағ 15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде (Қабанбай батыр,  45А) «Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар Одағы» ЗТБ кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Аталған кездесуде Федерацияның жаңа басшысы тағайындалды. Бұл орынға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Смайылов  Әлихан Асханұлы сайланды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа сайланған Федерация Президентіне қызметте сәттілік тілеп, аталған Федерация жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды.  Президенттік тестілердің ұлт денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына шақыруда аса маңызды екенін жеткізді.

«Әлихан Асханұлы Сізді аталған Федерацияның Президенті қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұратынын атап өткім келеді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы  Тұнғыш Президенті Елбасының тестілерін тапсырудың 2-тоқсаны бойынша 3463690 адам қатымты, оның ішінде 49387 адам Президентік деңгейдегі нормативтерді орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 19602 адам, 145222 адам ұлттық деңгейдегі нормативтерді орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 67421 адам, бастапқы деңгейдегі нормативтерді 348009 адам орындады, оның ішінде ауылдық жерлерде 134902 адам орындады.»,-деді министр Ақтоты Рахметоллақызы.

Өз сөзінде жаңа сайланған Федерация Президенті бұқаралық спорттың ел саулығындағы маңыздылығын атап өтті.

«Ұлт саулығы ел саясатының басым бағыттарының бірі. Бұқаралық спортты әлеуметтің барлық топтары арасында дамыту маңызды. Спорттық инфрақұрылымды бұқараға қолжетімді ету керек. Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспарды заңмен бекітіп, осы бағытқа басымдық беру қажет»,-деді Әлихан Асханұлы.

Сонымен қатар, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас директоры Имамбаев Абат Ассоциация атынан жаңа сайланған Президент қызметіне сәттілік тілеп, болашақта ұйым тарапынан Федерацияға қолдау білдіретінін жеткізді.

Қосымша ақпарат:  Биылғы жылы барлық федерациялар спорттық саралаудан өтіп, соның ішінде Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациясы жоғары нәтижелерімен В тобына енді.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29231

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »