ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды шығарып салу рәсімі

Нұр-Сұлтан – Ертең сағ 15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде (Қабанбай батыр, 42) Қазақстан Республикасының Жасөспірімдер Ұлттық құрамасын III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков қатысады.

Айта кетейік, 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында III Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Жарысқа әлемнің 70-тен астам мемлекетінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс 14 спорт түрі бойынша өткізіледі. Қазақстандық спортшылар спорттың 9 түрінен 26 лицензия иеленген болатын.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29239

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »