ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының II Конгресі

Нұр-Сұлтан – 18 қаңтар сағ 11.00-де Назарбаев Университетінде  (Қабанбай батыр, 53 блок С-3) Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының  II Конгресі өтті. Шара барысында ұйым Президенті Кәрім Мәсімов өткен жылдың Ассоциация үшін сәтті болғанын атап өтті. «Ассоциация 209 жылы 17 облыстық Жауынгерлік Өнер фестивалі мен 2 халықаралық шара ұйымдастырды. Аралас жекпе-жектен GFC және Jayynger промоушені бірлесіп Атырау қаласында «GFC 17» турнирін өткізді. Карате киокушинкайдан IV Әлем Чемпионатын өткізіп, жалпыкомандалық есепте 40 мемлекет арасынан 2 орынға ие болды. Бұл еліміздегі карате бағыттарының бірлесіп жұмыс істегендерінің арқасы деп білемін. Биылға жоспарымыз өте көп. 2020 жылы студенттер арасында муай-тайдан Әлем Чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Әлемнің 30 елінен 300-ге жуық спортшы келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, Семей қаласында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған Жауынгерлік Өнер Фестивалі өтеді»,-деді Кәрім Қажымханұлы. Сондай-ақ, сөз соңында Кәрім Қажымханұлы ұйым құрамына өзгертулер енгізілетінін, тиісінше Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Президенті лауазымына ұйымның I Вице-Президенті Садықұлов Әнуар Төлеуханұлын тағайындауды ұсынды. Аталған өзгертуді жиынған қатысушылар бір ауыздан қолдады. Өз кезегінде, Әнуар Төлеуханұлы Кәрім Қажымханұлын өзіне білдірілген сенім үшін алғыс айтып, ұйымның Құрметті Президенті орнына Кәрім Қажымханұлының кандидатурасын ұсынды. Аталған өзгертуді жиынған қатысушылар бір ауыздан қолдады. Әнуар Төлеуханұлы өз сөзін жалғастыра отырып, Ассоциацияның болашақ жоспарлары туралы айтып кетті. «Бүгінгі таңда Ассоциация құрамына 22 Федерация енген. Өткен жылы үш жаңа федерация бізге мүше болды. Болашақта ұйымға кіруді қалайтын спорттық федерациялар саны артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біздің басты мақсат – бұқаралық спортты дамыту. Біз осы міндетті орындап жатырмыз»,-деді Әнуар Төлеуханұлы.

Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, GAISF Вице-Президенті Стефан Фокс қатысты. Конгресс аясында Ассоциацияның төрт бағыты (карате, толық контактілі спорт, аралас жекпе-жек ММА, жекпе-жек спорт түрлері) бойынша үздіктер анықталды.

Карате бағыты бойынша «Үздік спортшы» аталымында «Шинкиокушинкай карате» Федерациясының спортшысы, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен каратеден Әлем Чемпионатында 1 орынға ие болған Владимир Артюшин үздік шықты. Карате бағыты бойынша «Үздік жаттықтырушы» аталымында «Киокушинкай кан – карате» Ұлттық Республикалық Федерациясының жаттықтырушысы Тәкенов Азамат Айдарханұлы жеңіп шықты.

Толық контактілі спорт түрлерінде «Үздік спортшы» аталымын «Муай-тай» Федерациясының спортшысы Алмас Сәрсембеков жеңіп алса, дәл осы аталымда «Үздік жаттықтырушы» атағын «Таэквондо ИТФ» Ассоциациясының жаттықтырушысы Валерий Когай иеленді.

Жекпе-жек спорт түрлері бойынша «ҚР Джиу-джитсу» Ассоциациясының спортшысы Мекенбаева Мөлдір «Үздік спортшы» атағын иеленді. Аталған спорт түрі бойынша «Үздік жаттықтырушы» аталымында «Спорттық және жауынгерлік самбо» федерациясының жаттықтырушысы Қожахметов Болат Сейдахметұлы үздік шықты.

Аралас жекпе-жек ММА спорт түрінде «Үздік спортшы» атағын «Қазақстандық аралас жекпе-жек ММА біріккен Ассоциациясы» спортшысы Бағдат Жұбаныш алды. Аталған спорт түрінде «Үздік жаттықтырушы» атағын Мамыралиев Нұрлан иеленді. Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциация осы жылы өз аталымын ұйымдастырды. «Қазақстанның Жауынгерлік Ассоциациясының нұсқасы бойынша «Үздік жаттықтырушы» атағын «Қазақстандық аралас жекпе-жек ММА біріккен Ассоциациясы» жаттықтырушысы Шоқпытов Айбек иеленді. Жеңімпаздарға Ассоциация атынан Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

Бұдан басқа, шара барысында төмендегідей тақырыптарға панельдік сессиялар өтті:

  1.  Допинг туралы жаңа заң
  2.  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы: Спорт және дін
  3.  Жаттықтырушы қызметінің құқықтық аспектілері / Спорттық жаттығудың әдістемесі;

Анықтама үшін: Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы 2018 жылы құрылған болатын. Ұйым құрамына олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытып жатқан 22 Федерация енді. Төрт: карате, толық контактілі спорт түрлері, жекпе-жек, аралас жекпе-жек ММА бағыт бойынша жұмыс жасайды. Еліміздің барлық өңірінде Ассоциацияның аймақтық өкілдіктері ашылған. Олар жергілікті жерлерде бұқаралық спорттың, оның ішінде жауынгерлік спорт түрлерінің дамуына жауапты.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29282

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »