ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Спорт саласының 2019 жылғы нәтижесі қорытындыланды

Нұр-Сұлтан – Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармалары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған проблемалар бойынша басшылардың есебін тыңдады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған мәселелер нақтыланып, Токио – 2020 олимпиадасына дайындық барысы пысықталды. Бұдан басқа, министр Нұр-Сұлтан, Алматы. Шымкент қалалары спорт басқармаларының жұмысына оң баға беріп, осы бағытта жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі шықты.

- «Жылдың үздік спорт ұйымы»;

- «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;

- «Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскер»;

- «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;

- «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

1) «Жылдың үздік спорт ұйымы» номинациясы бойынша — «Алматы облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі»;

2) «Ауылдық жердегі үздік спорттан нұсқаушы-әдіскер» номинациясы бойынша: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы «Дене шынықтыру-спорт кешені» спорт нұсқаушысы — Досалиев Руслан Нұрланұлы;

3) «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясы бойынша: «Атырау облысы, Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі»;

4) «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» номинациясы бойынша: «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде көкпардан жаттықтырушы-оқытушысы – Тоқабаев Ерғали Жоламанұлы»;

5) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясы бойынша: «Шымкент қаласының №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары — Усманов Гайрат Тешебаевич.

Жеңімпаздарға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы атынан атаулы сертификаттар, естелік статуэткалар, гүл шоқтары тарту етіледі.

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=29323

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »