ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

7 қысқы Азия ойындары, Қазақстан, 2011 ж.

Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізуге бірінші рет құқық алған ел.

2006 жылғы 5 қаңтарда Ойындардың өтетін жері болып Алматы қаласы таңдалған болатын, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылды.

2006 жылғы 4 наурызда Кувейтте Азия Олимпиадалық Кеңесінің атынан президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах, Алматы қаласының атынан әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов және Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атынан президенті Тимур Қамалұлы Досымбетовтың арасында үш жақты келісімге – ұйымдастырушы-қаламен келісім шартқа қол қойылды.

2007 жылғы  экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Азия Олимпиадалық Кеңесіне 7 қысқы Азия Ойындарын Қазақстанның екі негізгі қаласы – Астанада, Қазақстанның астанасында және Алматыда ұйымдастыру туралы ұсыныс берді.

2008 жылғы 20 қазанда Балиде Азия Олимпиадалық Кеңесінің атынан президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах, Астана қаласының атынан әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (бұрынғы Алматы қаласының әкімі), Алматы қаласының атынан жаңа әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов және Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атынан президенті Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтың, сонымен қатар туризм және спорт министрінің арасында қосымша келісім жасалып, қол қойылды. Осы келісімде 7 қысқы Азия Ойындарын ұйымдастырушы-қалалар – Астана мен Алматы қалалары болатыны туралы айтылады.

Азияның көптеген елдері Азия ойындарын Олимпиадалық ойындарының қатарына қояды, сондықтан осындай масштабты іс-шараға дайындалу мен оны өткізу Қазақстанның әртүрлі қызмет салаларында алдыңғы қатарлы позициясын көрсетіп, еліміздің көп өлшемді жетістіктерін растайтын болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортты елімізді халықаралық аренада танытудың бірден бір жолы етіп анықтаған болатын. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.

Қазір Қазақстанда, оның ұдайы алға басқан дамуы мерзімінде, құрлықта ең ірі мемлекеттердің қатарында болу үшін, осындай масштабты деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру және лайықты өткізе алатын барлық алға шарттар бар. Оларға дайындалу барысында объектілердің құрылысына еңбекке жарамды халықты кеңінен қатыстыруға жағдай жасалады, қалалардың инфрақұрылымын жақсартуға, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының қызметтерін жандандырып,  халықты тартуға, әсіресе студенттік жастарға қонақтармен кең араласуға жағдай туады. Сонымен қатар, жоспарланған 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына мәлімдеме жолдауға Ойындар жақсы тәжірибе және мықты дәлел бола алады.

К.К. Мәсімовтің төрағалығымен Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылғы 7 қысқы Азия Ойындарына дайындау мен өткізу жөнін ұйымдастырушы комитеті Азия ойындарының жалпы бағдарламасы мақұлданған болатын.

Осы бағдарлама спорттың 11 түрінен жарыстар өткізуді көздейді және 65 медаль жиынтығы ойнатылады.

Жарыстардың жалпы бағдарламасы бойынша Азия ойындарында 11 спорт түрі ұсынылады: коньки спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей «бенди», шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен тақтай серіппеден секіру, тау шаңғысы, фристайл,  шорт-трек, қысқы спорттық шаңғымен бағдарлау.

Азия ойындарына 30-ға жуық Азия елдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, ойындарды өткізу шеңберінде Азия Олимпиадалық Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 Азия елінен спорттық қозғалыс басшылары қатысады.

 

7 қысқы Азия ойындарында ҚР спорт түрлері бойынша

алған медальдардың саны

 

 

Спорт түрі

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

Шаңғымен бағдарлау

8

5

1

14

Шаңғы жарысы

6

5

4

15

Биатлон

5

1

2

8

Фристайл

4

2

2

8

Тау шаңғысы спорты

3

5

2

10

Шайбалы хоккей

2

2

Тақтай серіппеден секіру

1

1

2

4

Коньки спорты

1

2

2

5

Мәнерлеп сырғанау

1

1

  1. 10.
Допты хоккей

1

1

  1. 11.
Шорт-трек

2

2

Барлығы:

32

21

17

70

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=3631

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »