ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

18 жыл күткен жүлде немесе қысқы спорттың Ильині

     Алда – Сочи Олимпиадасы. Ел спор­тының тізгінін ұстаған басшылар қолда­рындағы басты «көзірлері» Полторанин еке­нін жақсы біледі. Сондықтан оған ерек­ше көңіл бөлінуде.

 

 

 

    Шаңғы жарысынан 18 жылдан кейін ел қоржы­нына бір жүлде түсті. Сонау 1995 жылы Канаданың Тандер-Бей қаласында өткен әлем чемпионатындақазақ спортының жарық жұлдызы Владимир Смирнов үш алтын, бір қола олжалап, төрткүл дүниені тәнті қылған.  

    Содан бері табаны күректей 18 жыл өтті. Жүлде арман болып жүргенде Алексей Полторанин мен Николай Чеботько Италияда өтіп жатқан қырықтоғызыншы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі.

Командалық спринттен қола медаль бұйырды

Әуелі әлем чемпионатына қысқаша тоқ­та­лып өтсек. Соңғы кезде шаңғы спор­ты түрлерінен әлем чемпионаты екі жылда бір өткізіліп келеді. Бүкіләлемдік бірінші­ліктің бағдарламасына үш спорт түріндегі әлем чемпионаты енеді: шаңғы жарысы, шаң­ғымен тұғырдан секіру және шаңғы қос­сайысы.

Биылғы әлем чемпионаты Италияның Валь-ди-Фьемме деген курортында өтуде. ХХХІХ әлем чемпионаты 20 ақпан күні бас­талған, 2 наурызда тамамдалады. Атал­мыш әлем чемпионатына 57 елдің спорт­шы­лары қатысуда.

Барлығы 23 ме­даль жиын­тығы сарапқа салынады (12-сі шаң­ғы жарысында,бесеуі – шаңғымен тұ­ғыр­дан секіруде, төртеуі – шаңғы қос­сайы­сында).

Біздің үміт артарымыз – шаңғы жары­сын­дағы жігіттеріміз. Абырой болғанда, ол­ар сенімді ақтап, ел қоржынына 18 жыл­дан кейін қола медаль салды.

Командалық спринтте ел намысын Алек­сей Полторанин мен Николай Чеботь­коқорғап, жүлдеге ілікті. Соңғы кезеңге де­­йін алдыңғы лектегі командалар жиі орын ауыстырып, біздің жігіттер солардың ара­сында жүрді.

Чеботько соңғы рет Пол­торанинмен ауысқанда, үшінші болып жет­ті. Бірақшаңғышылар орын ауыстырған қалың нөпірдің ішінен Полторанин бірінші болып сытылып шықты. Содан көмбеге жа­қындағанша Алексей Полторанин алда келе жатты.

Бірақ орыс Никита Крюков пен швед Эмиль Йенссон бар күш-жігерлерін соңғыметр­лерге сақтап келеді екен. Пол­то­ранин оңға ығысып еді, артында келе жат­қан Крю­ков алға атылып, Йенссон да қам­шыны ба­сып, екеуі жеткізбей кетті.

Осы тар жер­де­гі ұмтылыста Алексей қар­қы­нын бә­сең­де­тіп алды. Тіпті канадалық Алекс Харвей де жыл­дамдығын үдетіп, Алек­сейді қуып жетті. Бі­рақфо­то­финиште Алексей­дің аяғы мә­ре сызығын сәл-пәл ертерек қи­ға­ны белгілі болды.

Енді, үшінші орынға да шүкір­шілік етеміз. Мұның бәрі Алексейге сабақ болып, Сочиде есесін қайтарса болды.

Негізі, А.Полторанин жекелей спринтте де тәп-тәуір бастаған. Іріктеу жарысында екінші орын алып, жүлдеден де үміттен­діріп қойып еді. Алайда жартылай финал­дық сында таяғы сынып кетіп, финалға ілі­ге алмады.

Сөйтіп, қысқа қашықтықтағы же­келей жарыста 11-орынмен шектелді. Ал Н.Чеботько 14-орынды иеленген бола­тын.

Қысқы спорттың Ильині немесе «Полторанин team»

Алексей Полторанин – қазіргі таңдағы қысқы спорт түрлеріндегі әлеуеті зор саң­лағымыз, халықаралық дүбірлі додаларда айрықша сенім артар үкілі үмітіміз.

Полто­ранин өзінің мүмкіндігінің зор екендігін Ванкувер Олимпиадасында да паш еткен. Өкінішке қарай, 2010 жылғы қысқы Ол­им­пиадада екі рет жүлдеге сәл ғана жет­пей, екі мәрте бесінші орынға ие болды.

Бірінде, яғни жекелей спринтте, көмбеге аз қалғанда норвег шаңғышысымен екеуі шалынып құлап, жүлделі орынға сына қаға алмаған. Екіншісінде, яғни коман­да­лық спринтте сыңары Николай Чеботько оның жоғары қарқынына лайықты дең­гейде үлес қоса алмады…

Полторанин өзінің әлеуетінің жоғары екендігін 2011 жылғы Азия ойындарында көрсете алды. Өз елімізде өткен VІІ қысқы Азия ойындарында төрт рет саф алтынды өңірінде жарқыратты.

Содан бері әлем ку­богының кезеңдік додалары мен халық­аралық жарыстарда жүлдеге ілігіп, топ жа­рып та жүр. Мысалы, биыл­ғы әлем ку­бо­гының кезеңдік жарыста­рын­да төрт рет жеңімпаз атанды.

Енді, міне, әлем чемпио­натында командалық спринт­тегі өзінің сың­ары Николай Чеботь­комен жеңіс тұғы­ры­ның үшінші сатыс­ына көтеріліп отыр.

Алда – Сочи Олимпиадасы. Ел спор­тының тізгінін ұстаған басшылар қолда­рындағы басты «көзірлері» Полторанин еке­нін жақсы біледі. Сондықтан оған ерек­ше көңіл бөлінуде.

Алексей қазір жеке бағ­дарлама бойынша жаттығады. Оның өзіне бөлінген жеке бапкерлері, шаңғысын майлаушы мамандары, дәрігері, массаж­шылары бар. Ауызекі тілмен айтқанда, бү­гінде бейресми «Полторанин team» құ­рылған.

Жазғы спорт түрлерінде ауыратлет Илья Ильинге қандай көзқарас қалыптас­са,қыс­қы спортта Алексей Полторанинге де сондай болмаса да, соған жетеқабыл жағ­дай жасалуда. Бұл – өте дұрыс. Тіпті ше­телден білікті мамандар тартса да, артық болмас еді.

Себебі Полторанин қа­тар­дағы жай спортшы емес. Бабына келті­ріп, әле­уетін толық жүзеге асыра білсек, ел қор­жы­нына бір емес, бірнеше жүлде сала ала­тын, тіпті қола медаль емес, саф алтын­ға да қол жеткізуге қабілеті жететін дара­боз­дың өзі.

Тек басшылар мен бапкерлер оны Сочи Олимпиадасында спорттық ба­бы­на кел­тіре алса екен деп тілейміз.

Әлем чемпионаты. Шаңғы жарысы

Ерлер

Спринт (1,5 шақырым)
11. Алексей Полторанин
14. Николай Чеботько
42. Евгений Кошевой
50. Денис Волотка

Скиатлон (30 шақырым, 15 ш. классикалық әдіс + 15 ш. еркін әдіс)
34. Евгений Величко
43. Марк Старостин
47. Ердос Ахмадиев
49. Геннадий Матвиенко

Командалық спринт (6х1,5 шақырым)
3. Қазақстан (. Николай Чеботько, Алек­сей Полторанин)

 

 

Әйелдер

Спринт (1,2 шақырым)
60. Анна Стоян
62. Оксана Яцкая
64. Виктория Ланчакова
65. Анна Шевченко

Скиатлон (15 шақырым, 7,5 ш. классикалық әдіс + 7,5 ш. еркін әдіс)
45. Марина Матросова
53. Елена Коломина
59. Анна Шевченко
63. Татьяна Осипова

Командалық спринт (6х1,2 шақырым)
21. Қазақстан (Анна Стоян, Оксана Яц­кая)

 

 

 

Нұрғазы САСАЕВ

www.alasharena.kz

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=7292

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »