ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих
|

Қызылорда қаржы полицейлері волейболдан өткен республикалық жарыста І орын алды

    Қызылорда облысының қоржы полицейлері волейболдан өткен республикалық жарыста бірінші орын алды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

Елбасының «Қазақстан-2050» атты халыққа жолдауының «Ұлт денсаулығы – болашағымыздың кепілі» бағытын жүзеге асыру шеңберінде, қаржы полициясы органдарының жағымды имиджін көтеру, қызметкерлердің денешынықтыру дайындығын арттыру мақсатында Астана қаласында ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) қызметкерлері арасында волейболдан біріншілік өтті.

Жарысқа республикамыздың облыс орталықтарынан 18 команда қатысқан. Ақтық мәреге 5 команда шығып, соның ішінде Қызылорда облысының құрама командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.

Айта кетейiк, республикалық біріншілікте жеңіске жеткен Қызылорда облысының волейбол командасы енді осы жылы Ақтауда өтетін жарысқа қатысады.

Ақзер СЕГІЗБАЕВА 

 

Short URL: https://kk.sport.gov.kz/?p=8170

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »