ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:
Версия для слабовидящих

“Ұлттық спорт түрлері”

IV «Жас Барыс» турнирінде 260 палуан бақ сынасады

20151028084327

Қарашаның 4-7 күндері қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирі төртінші рет жалауын көтереді. Оралда өтетін жас оғландардың белдесуі биыл тартысты болғалы тұр. Жас мөлшеріне қарай үш топ бойынша өтетін республикалық турнирге 260 палуан қатысып, әр салмақ бойынша мықтыны анықтайды. Биылғы «жас барыстар» Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде белгілі болмақ, деп хабарлайды «Қазақстан барысы». «Жас Барысқа» қатысушылар [...]

Октябрь 28th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Лондонда қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өтеді

20151028081431

АСТАНА. ҚазАқпарат — 1 қараша күні Лондон қаласында Брунел университетінде шетелдегі қазақ студенттерінің арасында тұңғыш рет қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өткізіледі. «Қазақ xандығының 550 жылдығына орай өтетін Еуропаның төрінде ұлттық құндылығымызды дәріптейтін турнирді тамашалауға барлығыңызды шақырамыз», делінген Қазақ күресінің Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

Октябрь 28th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды

20151020184129

14-20 қазан аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтті. Спорттың 13 түрін қамтитын бұл бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 2000-ға жуық спортшы қатысты. Фестивальдің мақсаты — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын [...]

Октябрь 21st, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Сыр өңірінде ұлттық спорт ұлықталуда

20151017182418

Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV фестивалінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Ұлы даланың ұлылығын айшықтайтын шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысты. Төрт жылда [...]

Октябрь 19th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен ҚР ІV фестивалі өтіп жатыр

20151015174547

Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ҚР ІV фестивалі өтуде. Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысуда. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын фестиваль бағдарламасында бәйге, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек секілді спорттың 13 [...]

Октябрь 16th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

13 сайыс түрі бойынша Ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды

20151015072633

АСТАНА. ҚазАқпарат — 14 қазанда Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды, деп хабарланған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында. Фестиваль спорттың 13 түрінен өтеді. Шараның ашылу салтанаты 16 қазанда сағат 17:00-ге жоспарланып отыр. Ұлттық спорт ойындарының өтетін орны мен бағдарламасы төмендегідей: Қазақ күресі  - «Еуразия» [...]

Октябрь 15th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтеді

20150815092733

14-20 қазан аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өткізіледі. Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық  спортшы қатысады. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын  фестиваль бағдарлама бойынша  спорттың 13 түрінен аламан бәйге 25 шақырым, бәйге 16 шақырым, құнан бәйге 7 [...]

Октябрь 12th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

«Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік балуандар анықталды

20151005085955

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазан айының тоғызы күні өтетін қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Қазақстаннан өзге Түркия, Польша, Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінің құрамалары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Үшінші мәрте өтетін халықаралық турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады, деп хабарланған «Қазақстан барысы» сайтында. Биылғы турнирде қатысушылардың салмақ дәрежелеріне қатысты өзгеріс бар. [...]

Октябрь 5th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Алматының спорт мектебінде көкпар бөлімі ашылды

20140108185719

Республикалық «Көкпар федерациясының» Алматы қалалық филиалы Алматы қаласындағы №17  жасөспірімдер спорт мектебінен көкпар бөлімін ашты. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады. Мектеп директоры Аманжол Қазымбетов көкпар бөлімінің нәтижелі жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды тудырып отыр.  Мектептің ішінен жаттығу жасайтын, жататын орын бөлді. Ат құлағында ойнайтын, көкпарға икемі бар алғашқы сегіз  баланы [...]

Сентябрь 30th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Қазақстан Барысы: Қазақ күресінен ұлттық құрама Таразда жаттығуға кірісті

20120921163451 (2)

Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт кешенінде қазақ күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары басталды. Биылғы жаттығу жиындарына ел чемпионатында топ жарған спортшылар мен «Қазақстан Барысы» турниріне қатысушы балуандар шақырылды. Оқу жаттығу жиындарында балуандарды Марат Жақыт, Жеңіс Биткөзов сынды жаттықтырушылар баптайды. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметінен хабарланды. «Тараздағы жаттығу жиындары қазан айының сегізіне дейін [...]

Сентябрь 29th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »